20
апрель
2022
мектеп
20 сәуір күні ұлбалалармен жиналыс өтті. Жиналысқа 19 ата-ана, 17 оқушы, мектеп инспекторы Ерлан Абдимов, ауыл участковый: Ислам Абайбеков және Бауыржан Манап, ДТЖО: Ж.Шералиева, мектеп психологы М.Кучербаева және сынып жетекші Н.Тангатовтың қатысуымен оқушылармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты: Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын үйлестіру бағытындағы іс тәжиребемен бөлісу, тәжірибелік жұмыстарды бірлесе отырып талқылау. Оқушыларға мемлекет құрылым және құқық, құқықтық нормалар жайында жан жақты білімдерді меңгерту. Конституцияны құрметтеу , Отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында оқушыларға құқықтық тәрбие жайында түсіндіру, баяндамалар оқу және әр түрлі әдістер қолдану. Ұлбалалар арасындағы кикілжіңді шешу.
Кездесу барысында мектеп инспекторы Ерлан Абдимов оқушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, баяндама оқыды және мысалдар келтіріп өтті. Оқушылардың құқықтық білімдері және заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру мақсатында, жасөспірімдерді қылмыстық әрекететтерден бойларын аулақ ұстауға шақырды. Қылмыстық жауапкершіліктің түрлерімен таныстырды. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыс жасау бүгінгі қоғамның күн тәртібінен түспейтін түйткілді мәселе екендігі туралы түсінік жұмыстарын жүргізді.
Инспектор оқушыларды қоғамдық орындарда жүріс - тұрыс ережелерімен таныстырып, түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз сағат 22.00-ден 6.00-ге дейін болғаны үшін жауапкершілік туралы айтты.
Ауыл участковыйлары Ислам Абайбеков және Бауыржан Манап жиналыс барысында қылмыстың алдын алу, баланың бұрыс жолға түспеуі, ата-ананың, мектеп және мектеп инспекторларының бірлескен іс-қимылына байланысты екендігі туралы айтып өтті. Кәмелет жасқа толмаған жасөспірім көлік басқаруға, мотоцикл айдауға болмайтынын ескертіп өтті.
Оқушылар әр түрлі сұрақтар қойып жауаптар алды.
Жас жеткіншек! Сен өзіңді құрметтеуге тиіссің. Бойындағы бар қабілетіңді тек жақсылыққа бағыттай біл. Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ бол. Ар-намысыңды биік ұста. Өз тағдырың-өз қолыңда. Өзіңе сен. Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағынбай өзін сақтай алады. Тәртіпті бол, өз құқығыңды дұрыс пайдалан. Сен ел үшін керексің, өйткені сен - тәуелсіз еліміздің болашағысың.
Қорытындылай келе оқушылар бүгінгі қоғамды дамыту үшін әрқайсысымыз құқықтық заңға құрметпен қарап, өз бойымызда құқықтық сана мен жігерді шыңдауымыз керектігін түсінді.