мерекелік іс шаралар » СШ №28 им.Уалиханова
Жамбыл облысы білім басқармасының
Қордай ауданы білім бөлімінің
"Шоқан Уәлиханов атындағы №28 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(778) 678-49-58
Есепші бөлімі:
+7(778) 678-49-58
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » мерекелік іс шаралар
24
февраль
2019

мерекелік іс шаралар

Тақырыбы:
Жақсылық жан-шуағы

Сабақтың мақсаты:
1) Балалардың «жақсылық», «махаббат» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту;
2) Оқушылардың санасына жақсылық ұғымын қалыптастыру.
3) Оқушыларға «жақсылық», «жақсылық жасау» туралы білімдерін кеңейту, мейірімді, қайырымды болуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Презентация, таратпа карточкалар, түрлі түсті жіптер.

Ұйымдастыру
1. «Дәстүрлі емес амандасу»
2. Топқа бөлу
Негізгі бөлім
1. Миға шабуыл
2. Мақал-мәтелдер
3. «Жаныңда жүр жақсылар» тренингі
4. Ситуациялық сұрақтар
5. Постер қорғау
6. Ыстық орындық. (көрермендермен жұмыс)
7. Қорытынды.
Бейнеролик «Жақсылық жасау әр адамның қолынан келеді»

Құрметті ұстаздар мен оқушылар бүгінгі «Жақсылық жан шуағы» атты тренинг сабағына қош келдіңіздер!
Адам адамға жақсылық жасау үшін жаралған. Жақсылық пен игілікті іс жасау-үлкен адамгершіліктің белгісі. Басқа адамдарға көмектесіп жүрген көптеген абзал жандар бар. Егер адам басқаларға жақсылық жасап, қиын кезеңде жақсылық көрсетсе, ол да оған жанашырлық танытады. Жақсылық жасау әрбір адамның міндеті.
Көп адам жақсылыққа жақсылық жасай алғанымен, жамандық жасаған адамға келгенде, жақсылық жасай алмасы анық. Былайша айтқанда, жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі болғанымен, жамандыққа жақсылық тек ер кісінің ісі деуге болады.
1. Ұйымдастыру.
1) «Дәстүрлі емес амандасу»
Сәлем – сөздің анасы демекші алдымен бір-бірімізбен ерекші амандасып алайық. Барлық оқушы ортаға шығып, екі-екіден қарама-қарсы тұрады.
• Бір-біріне күлімсірей қарап алақанның ішін және сыртын тигізіп сәлемдесу;
• Оң жақ тізелерін түйістіру арқылы сәлемдесу;
• Оң жақ, сол жақ иықтарын тигізіп сәлемдесу;
• Маңдайларын бір – біріне тигізіп сәлемдесу.
2) Топқа бөлу.
Сыртында топ аты жазылған тәттінін біреуін ғана таңдап, сол орынға барып отырады. Топ аттары: Мейірімділік, қамқорлық, адалдық.
2. Миға шабуыл
Оқушылар төмендегі аңызды мұқият тыңдап, сұраққа жауап береді.
Ерте-ерте, ертеде, жер бетінде Махаббат есімді бір қыз өмір сүріпті. Оған жер бетінде доссыз қызықсыз болыпты. Сөйтіп, ол, қарт сиқыршыға жолығуға шешім қабылдайды:
• Ата, өмір бойы менімен дос болатын қыз тауып беруге көмектесіңізші, - дейді.
Сиқыршы ойланып тұрып былай дейді:
• Ертемен алғаш құстар сайрағанда және шық әлі құрғамай тұрған кезде маған кел.
Ертемен Күннің алқызыл шапағы жерге түсе тастаған кезде Махаббат уәделескен жерге келеді.
Келіп қараса, бірінен-бірі өткен әдемі бес қыз тұр екен.
• Міне, таңда,- деді сиқыршы, - біреуінің аты Шаттық, бірінікі Бақыт, үшіншісі - Сұлулық, енді бірінікі - Қайғы, бесіншісі – Жақсылық.
• Олардың бәрі әдемі, бәрі сұлу, қайсысын таңдарымды білмей тұрмын, - деді Махаббат.
• Рас айтасың, олардың бәрі жақсы, және сен олармен өмірде кездесесің, мүмкін дос болып қаларсың, бірақ қазір олардың біреуін таңда. Ол саған өмір бойы дос болады.
Махаббат қыздарға қарай жақындап және олардың әрқайсысының көздеріне қарады. Махаббат ойланып қалды.
• Балалар, егер сіздер сол қыздың орнында болғанда қайсысын таңдар едіңіз?
Махаббат Жақсылық атты қызға жақындап, оған қолын созды.
• Қайлай ойлайсыздар, неге Махаббат Жақсылықты таңдады?
• Ендеше, біздер не жайында әңгімелесетінімізді аңғарған боларсыздар?
(жақсылық жайында)
3. Жақсылық туралы мақал-мәтел
Мақалдың алғашқы бірінші жолын айтамын, келесісіне оқушылар жауап береді.
1. Жаманға оқ өтсе де, сөз өтпейді.
2. Жақсының – жолы ашық.
3. Жақсылыққа жақсылық – әр кісінің ісі,
Жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі
4. Жақсыменен дос болсаң – қасында жүрер бөбектеп,
Жаманменен дос болсаң – артыңнан жүрер өсектеп.
5. Жақсы жаныңа жолдас
Жаман малыңа жолдас

6. Жақсыдан қашпа
Жаманға баспа
7. Жақсыға сөз батады
Жаманға шөп батады
8. Жақсыны халық мақтар
Жаманды халық даттар
9. Жақсы өз басынан көреді
Жаман өз досынан көреді
10. Жақсыға шаң жуымас
Жаманға жан жуымас
4. «Жаныңда жүр жақсылар» ойыны
Жақсылық жаса досыңа,
Бірге ойнаған жасыңнан.
Қиналған кезде әрқашан,
Табылсаң болды қасынан.
Болғың келсе жақсы адам,
Жақсылық жаса әрқашан
Әр топтан екі оқушыдан шығады. Біреуі жіптің ұшын ұстап тұрады. Екінші оқушы сол оқушыға қарай жіпті айналдырып жүріп отырады. Жүрген сайын досының өзіне жасаған жақсылығын айтып отырады. Сөйтіп жіптің ұзындығы біткенше жалғаса береді.
5. Ситуациялық сұрақтар
1-топ:
Сенің сыныптас жан досың көптен бері сабаққа келмей жүр. Оның себебі үйінде анасы сырқаттанып жатыр екен. Үйінде жалғыз бала. Анасы қарайтын басқа ешкім жоқ. Досың сабақтарды түсінбей жүргенін, сенен көмек сұрады. Сенің бос уақытың жоқ. Сен бұл тығырықтан қалай шығар едің?
2 – топ:
Сенің досыңның мінезі ауырлау, тентек. Сол досың бір қиын жағдайға тап болды. Сенен көмек ретінде көп мөлшерде қаражат сұрады. Сен оқушысың, табыс таппайсың. Бұл жағдайда сен досыңа қалай көмектесесің?
3-топ:
Көшеде кетіп бара жатып, бір қарт кісіні кездестірдің. Қарттың қолында ауыр сөмкесі бар. Балам, маған көмектесіп жібересіңбе айналайын деп сенен көмек сұрады. Сен өте асығыссың. Сенің іс-әрекетің?
6. Постер қорғау
1 – топ: «Жақсылық»
2 – топ: «Жамандық»
3 – топ: «Асыл қасиеттер»
8. Қорытынды.
Бейнеролик. «Жақсылық жасау әр адамның қолынан келеді».

Похожие публикации:

24 февраль 2019 Жаңалық
04 апрель 2018 ҰБТ туралы
Мекен жайымыз
080407, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ, ҚОРДАЙ АУДАНЫ, ҚАҚПАТАС АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ, БЕРІКТАС АУЫЛЫ, САҚАЛОВА ТҰРАР КӨШЕСІ, 5 ҒИМ.

©2016-2024, «ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ҚОРДАЙ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №28 ШОҚАН УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru