24
февраль
2019
Жаңалық
Нашар үлгеретін оқушылармен жұмыс
2017-2018 оқу жылы
Мазмұны
Алғы сөз
Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Нашар оқитын оқушымен жұмыстың 10 ережесі
Сабақта үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты ұйымдастыру
Сабақта үлгерімі нашар оқушыға көмек
Үнемі көмек-нұсқау беріліп, бақылауда ұстайтын тізім
Үлгермеушіліктің алдын-алу жолында жүргізілетін шаралар
Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін сабақтың тақырыптық жоспары
Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілген жұмыстар
Алғы сөз
Жалпы білім беретін орта мектептің негізгі мәселесі – үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс. Ойлау және есте сақтау қабілеттері және білім, білік, дағды төмен болған жағдайда оқушыны үлгермеуші оқушы деп аталатын оқушылармен жүйелі түрде жұмыс жүргізу керек.
Негізгі мәселе – жалпы мектептің білім беру кеңістігі мен құрылымының әрбір баланың мүмкіншілгіне сәйкес қатысты және қатысты емес әртүрлі себептермен сабақ үлгерімі нашар болуы мүмкін:
- денсаулығы бойынша босатқан сабақ;
- отбасында нашар жағдай;
- психикалық дамудағы тежеу;
- педагогикалық олқылық;
- сабақты себепсіз босату.
Жұмыс барысында мұғалім басты назарда ұстайтын қағидалар
1. Оқушыларға қосымша білім берудің жүйесін құру.
2. Жұмыс жүргізуде топтық және жекелей әдістер қолдану.
3. Пәнге деген терең, тұрақты қызығушылығын қалыптастыру.
4. Оқушылардың танымдық ой-өрісін кеңейту.
5. Өз ойын еркін жеткізуге баулу.
6. Үлгерімі төмен оқушылардың ынтасын арттыру.
Бағдарламының мақсаты мен міндеттері
Мақсаты:
география пәні бойынша оқушының білімін дамыту, сабақ үлгерімін жақсарту;
жекелеме тапсырмалар беру арқылы оқушының пәнге деген қызығушылығын ояту;
сабаққа белсенді қатысуын қамтамасыз ете отырып, шығармашылықпен ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру;
пәнге деген қызығушылығын арттыру арқылы мемлекеттік білім беру стандартын меңгерту;
үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізе отырып, география пәнінен қабілеті төмен оқушылардың жеке тұлғалық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу.
Міндеттері:
әр сыныптағы үлгерімі төмен оқушыларды анықтау;
мемлекеттік білім стандартын меңгерте отырып, жыл бойы жұмыс жүргізу арқылы үлгерімін жоғарлату;
үлгерімі төмен оқушыларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету.
Күтілетін нәтиже:
оқу стандартына сай білімді өз дәрежесінде меңгереді;
пән бойынша негізгі ұғымдар мен түсініктерді ажырата және салыстыра алады.
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыстың 10 ережесі
1. Әр оқушының қабілетіне сен және осы сенімді оғанда жеткізе біл. Өз тәрбиеленушіңнің алға басқан әр қадамына қуан.
2. Есіңде болысын, нашар оқитын оқушыға тақырыпты қабылдап, төселуіне уақыт өте қажет. Асықтырма. Оқушының табысын күтуге үйрен.
3. Нашар оқушылармен олардың деңгейінде жұмыс істей бастағанда, есіңде болсын, аз уақыттан соң олардың тобы өз ішінде қабілетті, орта және нашар болып бөлінеді. Қабілеттілері тез қабылдайды, оқуда алға тез жылжи бастайды, орташалары қабілеттілерге жетуге тырысады. Нашарларға үнемі көмек беру керек.
4. Басты материалдарды көп реттен қайталау – нашар оқитын оқушылармен жұмыс тәсілдерінің бірі. Жеке дара сабақ болмайтынын есте ұстау керек. Әр сабақ- ол алдыңғы сабақтың жалғасы, оқылып жатқан сабаққа өз үлесін қосады.Егер 15-20 сабақтан тұратын тақырыптан мұғалім басты сұрақтарды таңдап алса, күнделікті қайталау барысында оны барлық оқушылар меңгереді.
5. Баяндалып отырған материалды ең бастысы таңдай біліңіз, оны баяндаңыз, қайталап бекітіңіз.
6. Нашар оқитын оқушыға жұмысты қарадүрсін ұғындыруға болмайды. Сөз тек білімде ғана емес, жұмыс кезінде есте сақтау, қисын, ойлау, сезілу, оқуға қызығушылық дағдыларын дамыту. Нашар оқушымен жұмыс әдістемесі оқушының дамуына қарай өзгеріп отырады.
7. Кез келген әдістеменің басты құрамдас бөлігі – қатынас жасау. Нашар оқушымен қатынас болмаса, оқуда нәтижеге жете алмайсың.
8. Сыныпты басқаруға үйрен. Материалды баяндау кезінде бәрі жаппай тыңдап отыруы керек.
9. Жақсы оқитын оқушыларды нашар оқитын оқушыларды үйретуге тарта білу. Мұндай кезде үш жақта жеңеді. Жақсы оқитындар білімдерін бекітеді, нашарлар оқиды, ал мұғалім нашар оқушымен жұмысқа мүмкіндік алады.
10. Нашар оқитын оқушыда абстракты ойлау нашар дамыған. Оөылып отырған матералға деген қызығушылықты арттыру үшін музыка, поэзия, слайдтар, суреттер, видеолар қолдану керек.
Сабақта үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты ұйымдастыру
Жеке жұмысқа бағытталған әдіс: әрбір оқушының мүмкіндіктерін ескере отырып оқыту және жекелей, деңгейлік тапсырмалар жиынтығы.
Жаңа материалды жеңілден күрделендіре отырып оқушы қабылдауына сай түсіндіруді ең басты назарда ұстау.
Оқушылардың білімі мен дағдыларын тексерудің жүйесін құру.
Жеке жұмыс, топпен жұмыс, жұппен жұмыс, суретпен жұмыс, интерактивті тақтамен, мәтінмен, кеспе қағаздармен, сқйлемді дұрыс құрастыру, көп нүктенің орнына керекті сөздерді жазғызу және тағы басқа жұмыс түрлерін орындату.
Қосымша сабақтар үшін «көмек карточкалары» ыңғайлы.
Сабақта үлгерімі нашар оқушыларға көрсетілеін көмек
Сабақ кезеңдері Сабақта көрсетілетін көмек түрі
Оқушылардың дайындығын бақылау үрдісінде Сұрау кезінде жақсы көңіл-күй қалыптастыру.
Сұрау екпінін төмендету, тақтада көп жұмыс істеуге рұқсат ету.
Көрнекілік құралдар қолдануға рұқсат беру
Бағаман, мақтаумен қызығшылығын арттыру.
Жаңа материал игеру Тақырыпты меңгеруде қызығушылығын арттыру.
Оқу материалдарын түсіндіруде үлгерімі нашар оқушыларға үнемі сұрақ қою.
Проблемалық оқыту кезінде, мағынасын түсіндіргенде және қарым-қатынас қорытындысын жақсы оқитын оқушыға айтқызып қызықтыру.
Өздік жұмысын ұйымдастыру Үлгерімі нашар топтарды іріктеу. Ятапсырмалар тізбегін дұрыс түсіндіру. Кеңес-карточкаларын қолдануда туатын қиыншылықтарды ескерту.
Өздік жұмыс кезінде
Тапмырманы әр бөлікке бөлу, қиын тапсырмалардың қатарынан жеңілін анықтау.
Тапсырманың орындау тәсілін ескрту.
Жаттығуды орындауда оныі құрлымы мен ережесіне сүйену.
Жақсы нәтижеге жетіу үшін оқу материалдарының күрделісін және қиын өздік жұмыс тапсырмаларына жеіл етіп іріктеу.
Өздік жұмыста қиындық туғызатын сұрақтарға қызы0ғушылықтарын арттыру.
Сабақтан тыс өзіндік жұмысты ұйымдастыру Қатемен жұмыс бойынша үнемі үйге тапсырма беру.
Үй тапсырмасын орындарда оқушыға бағдар беру, оны түсінгенін тексеру.
Үлгерімі нашар оқушыларды шаршатпау негізінде үй тапсырмасын басқа мұғаілмдермен ақылдаса отырып беру
Үлгермеушіліктің алдын-алу жолында жүргізілетін іс-шаралар
Сабақ кезеңдері Оқытудағы акцепттері
1. Оқушының дайындығын бақылау үрдісінде Оқушыларда үлкен қиыншылық тудыратын сұрақтарды меңгерін арнайы бақылау. Оқушылардың ауызша жауаптарында, жазба жұмыстарында жіберетін қателерін мұқият талдау және жүйелеу.
Өткен сабақта болмаған жағдайда өтілген материалдарды меңгерулерін бақылау. Тақырып немесе бөлімді оқып біткенен кейін білім, білік, дағдыларын қорытындылау, артта қалу себебін анықтау.
2. Жаңа материалды беру кезінде Сабақ барысында міндетті түрде берілген материалдардың негізгі элементтерін оқушылардың түсінгендігін тексеру. Білімді меңгеру үшін қызығушылықты қолдайтын құралдар қолдану Барлық оқушыларды материалды белсенді меңгеруі үшін оқытудың әдістерін түрлендіріп отыру.
Пән бойынша оқушылар тізімі
Р/с Оқушылардың аты-жөні Сыныбы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
Нашар үлгеретін оқушылармен жұмыс жоспары
№ Атқарылатын жұмыстар Мерзімі
1 Үлгерімі төмен оқушыларды анықтау, білім деңгейінің төмен болуының себептері, мінезі, жанұя жағдайын анықтау қыркүйек
2 Әр сыныпқа үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспарын бекіту қыркүйек
3 Қосымша сабақтар өткізу, ұсыныстар, кеңестер беру Аптасына бір рет
4 Жеңілдетілген түрде тапсырмалар беру Жыл көлемінде
5 Сыныптағы үлгерімі жақсы оқушыларға білім деңгейі төмен оқушыларға көмектесуге жүктеу. Жыл көлемінде
6 Тапсырмасы жылдам және жеңіл түрде алынған кім жылдам атты интелектуалды ойын өткізу. үнемі
7 Тоқсан сайын байқау тестілеудің қорытындысы бойынша мониторинг жүргізу. Тоқсан сайын
8 Ата-аналармен, сынып жетекшілерімен үнемі тығыз байланыста болу. үнемі
9 Оқушыларға психологиялық, ақпараттық қолдау көрсету. үнемі
10 Басқа пән мұғалімінің сабақтарына қатысу. үнемі
11 Оқушының жұмыс жылдамдығын ескеру, өзін-өзі текскеруге, бағалауға мүмкіндік беру. Жы көлемінде
12 Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңінде оқушының білім, білік, дағды деңгейін жүйелі тексеру. Жыл көлемінде
13 Тоқсанның қорытынды бағалары бойынша жеке бағдарламалар арқылы олқылықты жою, жеке табысын мадақтау, қолдау көрсету, оқушының жауабын көтермелеу. Жыл көлемінде
14 Тақта алдында немесе жауап беру кезінде оқушыға көмекші құралдар ұсыну Жыл көлемінде
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс кестесі
№ Үлгергерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыстар Берілетін оқушылар Орындауға берілетін жұмыс
1 Жаңа тақырыпты игерту Жаңа сабақты бекіту сұрақтарына жауап беруін қадағалау Үйге берілген параграфтың ең маңызды пункітін белгілеп, оқып келу, мазмұнын айту.
2 Үй тапсырмасын орындауға бейімдеу 1.Тақырыптың соңында берілген сұрақтарға жауап жазып келу.
2. Үйге берілген тақырыптың ең маңызды бөлімін белгілеп, оқып келуді, мазмұнын айтуды қадағалау. Үйге берілген тақырыптың ең маңызды бөлімін белгілеп, оқып келу, мазмұнын айту.
3 Оқушының есте сақтау қабілетін дамыту 1.Сөзжұмбақ жасауды және шешуді үйрету.
2. Тестпен жұмыс жасауға жаттықтыру.
Сөзжұмбақ жасау. Тест құрау.
4 Шығармашылық жұмыстарға баулу 1. Әр тарауды ең маңызды тақырыптары бойынша реферат жаздыру.
2.Пайдалы құралдарға сипаттама беру. Реферат жазу.
5 Сөйлеу қабілетін дамыту 1.Үй тапсырмаысн сұрау
2.Ауызша сұрақтар қою. Ауызша жауаптарын талдау
Жеке даму картасы
1 Оқушы аты-жөні
2 Сынып
3 Қай пән бойынша үлгерімі төмен?
4
Оқушының тәртібі
5 Үлгермеу себебі
6
Оқушымен жұмыста қандай құралдар пайдаланылады?
7 Оқушының үлгере алмауын жоюда кімдермен бірлесе
жұмыс жасалады?
8 Қанша уақыт жұмыс атқарылуда
9
Өзгерістер байқалды ма?
10
Жұмыс нәтижесі қандай?
География пәнінде орындауға берілетін жұмыс
1 Жаңа тақырыпты игерту
1.Кескін картамен жұмыс жасау
2.Жаңа сабақты бекіту. сұрақтарына жауап беруін қадағалау
Жаңа сабақта өткен материк бойынша, елді –мекендерді,
Мұхиттарды, теңіздерді, өзен –көлдерді картадан көрсету
2 Үй тапсырмасын орындауға бейімдеу
1.Параграфтың соңында берілген географиялық диктант жазу.
2. Үйге берілген параграфтың ең маңызды пункітін белгілеп,оқып келуді, мазмұнын айтуды қадағалау
Үйге берілген параграфтың ең маңызды пунктін белгілеп,оқып келу, мазмұнын айту.
3 Оқушының есте сақтау қабілетін дамыту
1.Географиялық координаталарды анықтау.
2.Тестпен жұмыс жасауға жаттықтыру
«Адасқан обьектіні тап ойыны» және жеке тапсырмаларын орындау.
Тест құрау
4 Шығармашылық жұмыстарға баулу
Әр тарауды қортындылағанда материк бойынша, мемлекеттер, елді –мекендер, табиғат зоналар бойынша реферат жаздыру
2. Атлас бойынша сипаттама жасау.
«Материктерге саяхат» презентация жасау.
5 Сөйлеу қабілетін дамыту
1.Үй тапсырмасын сұрау
2. Ауызша сұрақтар қою
Картамен жұмыс
Үлгерімі төмен оқушылардың білім деңгейінің өсу дәрежесін бағалау параметрлері
Пәні:
Пән мұғалімі:
Оқушының аты-жөні:
I-тоқсан II-тоқсан III-тоқсан IV-тоқсан
№ Тақырыбы 2 3 4 5 2 3 4 5 2 3 4 5 2 3 4 5 Қорытынды
1 Оқу материалын меңгеруі, теориялық білімі
2 Мәнерлеп оқуы
3 Дұрыс жазуы, дәптермен жасалған
жұмыстары
4 Түсінік айтуы
5 Сөздік қоры
6 Оқулықпен жұмыс істеу икемділігі,
мәтінді өз бетімен меңгеруі
7 Терминдік қоры жеткіліксіз, пікірін толық дәлелдемеді
8 Мұғалім тарапынан берілген шығармашылық жұмыстарды орындау
9 Сыныптағы белсенділігі
10 Білімінің көтерілу деңгейі
Үлгерімі нашар оқушылармен
жеке-бағдарлық жұмыс бойынша әдістер мен тәсілдер
1 Оқушылармен сабақта жеке жұмыс атқару
Тәсілдің жақсы жақтары Тәсіл кемшіліктері
Оқушының жеке дайындығын толығымен ескеруге және бар мәселелерді шешуге
болады Ұйымдастырушылық:жеке жұмыс кезінде кіші балалармен қиыншылық тууы мүмкін.
Психологиялық: толымсыздық комплексін қалыптасады.
2. Жеке тапсырмалар(кеспе қағаздар)
Жеке дайындығының деңгейін ескере отыра оқушыны жұмысқа жұмылдыру керек,
оқушы өз күшіне сенуі керек. Мұғалімнің сабаққа дайындалуына көп уақыт кетеді.
3. Шағын топтарды ұйымдастыру жұмысы
Әр оқушыны жұмысқа тарту арқылы сыныпта жұмыс жағдай туындайды Белсенді оқушы белсенділігі төмен оқушыны басып тастайды, өз пікірін
міңдеттейді
4. Жұптық жұмыс
Психологиялық кедергілерді жеңу, әр оқушының сөзі тыңдалады, оны түсінуге
жағдай туады Оқушылардың белсенділіктерінің төменділігі – оқу мотивациясының төменділігі
5. Әдістер мен ойын түрлерін қолдану
Психологиялық кедергілерді жеңу, әр оқушы тындалады, оны түсінуге жағдай
туады Танымдық әрекеттерге кедергі болып оқушы сабақты «ойынға» айналдыру қаупі бар
6. Бұрынғы алынған тапсрымалармен байланысы жоқ шығармашылық жұмыстарды
қолдану
Психологиялық кедергілерді жеңу, танымдық әрекеттердің белсенділігі байқалады Алған білімінің таяз, жеткіліксіз болуы
7. Сыныптан тыс кезеңде оқушылармен жеке жұмыс
Оқушының жеке дайындық деңгейін ескеруге жағдай туады, оқушы өз күшіне сенуі
керек. Уақытты талап етеді: көп жұмыс жүктеледі, мазасыздық туындап, өзін-өзі
ыңғайсыз сезінеді.
8. Оқушыларды үйірме және факультативтерге тарту
Оқушының танымдық әрекеті, оқуға ынтасы жоғарылайды Мектептің қаржылық базасының шектеулі болуы үлгерімі төмен оқушыларды тартуға
қиындық туғызады
9. Оқушыларды қоғамдық жұмыстарға тарту
Кедергілерді жеңе білу Қоғамдық жұмыспен және оқушы арасындағы тікелей байланыстың болмауы оқушыны
танымдық және қоғамдық жұмыстарға тартуға қиындық туғызады
10. Ата – аналардың педагогикалық деңгейін көтеру жұмыстары
Мектеппен ата – аналар арасындағы байланысты ңығайту, балаларды тәрбиелеу
ісінде бірігіп жұмыс істеу Ата – аналар балаларды тәрбиелеуде өздерін алшақ ұстауы және мектептің ата –
аналардың мінез – құлқын жөндеу мүмкіншілігінің болмауы