10
май
2022
мектеп
"Ер есімі - Ел есінде"
Менің атам Сейтназаров Қалмұрат 1916 ж дүниеге келген. Білімі бастауыш сынып, себебі ол уақытта жоғары сынып болмаған.
1925 ж ауылда байлардың қозысын баққан. Ержеткенде пионер вожатыйларын дайындайтын курсты аяқтап, жеті жылдық мектепте пионер вожатый болып істеген. 1940ж Қызыл армия қатарына шақырылған. 1941ж 22-июньда таңғы сағат 4-те тревога болып, соғыс басталғанын жариялаған. Атам сол соғысқа араласқанда Курск-Орёл аймағында болған. Қаруланған неміс әскеріне қарсы тұру оңай болмаған. Ол үшін Отанға, елге деген патриоттық, сезім алға сүйреген. Шайқастарда атыс құралдары жетіспеген. Бірақ біздің аталарымыздың батырлығы, туған елге деген сүйспеншілігі, жауларға деген ашу ызасы фашистердің қаруына да есе жібермеген. Соғыс барысында Курск-Орёл-Белград Линия фронтында 1942жылдың ақырына дейін соғыста болып, декабрь айында бір қатты шабуыл кезінде ауыр жарақат алып, госпитальға түскен. Содан алты ай емделуде жатып, екінші группа мүгедегі болып елге оралған. Алған наградалары "Қызыл Жұлдыз"ерлігі үшін медальін алған. Атам елге оралған соң өзінің еңбеккерлігінің арқасында көзге түсіп, соғыс кезіндегі ауылдың тұрмысын жақсартуға белсене араласқан. Ауыл халқы атамды ауылдық кеңестің төреағасы етіп сайлаған. 1950 жылдары ферма бастығы, 1954-жылдан 1975-жылға дейін мақташылық бригадасын басқарған. Жақсы жұмысы үшін "Құрмет" белгісі орденімен және бірнеше медалдармен марапатталған. Ер жүрек сүйікті атам 1998жыл 82-жасында дүние салды. Атамның даңқты өмір жолын біз немерелері мақтанышпен еске аламыз. 7 сынып оқушысы: Қайырғали Мұқағали
Баршаңызды Жеңістің 77 жылдық мерей тойымен құттықтаймыз!!! #ересіміелесінде #qaharman #amanat #жеңіскүні