мектеп » СШ №28 им.Уалиханова
Жамбыл облысы білім басқармасының
Қордай ауданы білім бөлімінің
"Шоқан Уәлиханов атындағы №28 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(778) 678-49-58
Есепші бөлімі:
+7(778) 678-49-58
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
февраль
2022

мектеп

Діни адасушылықты болдырмау ортақ борышымыз
          Мектеп оқушылары арасында 5- 11 сынып оқушылары арасында этностық және діни толеранттылықты тәрбиелеу, экстремизм мен радикализмге қарсы әрекет ету дағдыларын қалыптастыру мақсатында Дінтану пәнінің мұғалімі М.Б.Нысырбаев, М.А.Нысырбаева, ДТІЖО Ж.М.Шералиева және мектеп психологы М.Д.Кучербаева оқушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 
Дәстүрлі емес діни ағымдардың жастарға кері әсері, оның алдын-алу жолдары, оқушыларға отбасы құндылықтарын құрметтеуге, әлеуметтік желілердің кері әсері, қазақ қыздарына тән қасиеттер туралы насихат жүргізді. Оқушыларға  презентация және бейнебаяндар көрсетілді. 
   Қазіргі таңда қоғамның тұрмыс-салты мен дүниетанымының жүйесі ретіндегі діннің рөлі айтарлықтай өсті. Діннің қоғамдық қатынастарға,қоғам санасының діни компонентін қалыптастыруға ықпал ету спектрі күшейіп, кеңейе түсуде. Халықтың әртүрлі топтар өкілдерінің рухани, соның ішінде діни өмір салтына деген қызығушылығы артуда.  Еліміздегі діни ахуал туралы сөз қозғаған кезде, жастар туралы айтпай өту мүмкін емес. 
  Себебі ел жастарының дінге деген қызығышылығы жыл сайын артып отыр. Дін-адамды имандылыққа тәрбиелейді. Онсыз қоғам, ел, тарих болмаған. Білім де, рухани тәрбие де осында. Яғни, ол ғылымның қайнар көзі. Сондықтан екеуін бір-бірінен бөліп қарауға болмайды.

Похожие публикации:

18 февраль 2022 мектеп
17 февраль 2022 мектеп
21 февраль 2022 мектеп
03 февраль 2022 мектеп
27 сентябрь 2021 мектеп
Мекен жайымыз
080407, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ, ҚОРДАЙ АУДАНЫ, ҚАҚПАТАС АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ, БЕРІКТАС АУЫЛЫ, САҚАЛОВА ТҰРАР КӨШЕСІ, 5 ҒИМ.

©2016-2024, «ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ҚОРДАЙ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №28 ШОҚАН УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru