мектеп » СШ №28 им.Уалиханова
Жамбыл облысы білім басқармасының
Қордай ауданы білім бөлімінің
"Шоқан Уәлиханов атындағы №28 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(778) 678-49-58
Есепші бөлімі:
+7(778) 678-49-58
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
апрель
2022

мектеп

Әр бала білуі тиіс қауіпсіздік жайлы 9 ереже
1. Баланы қорқытпаңыз
Оған «бір бала орманда жоғалып кетіпті» деген сияқты қорқынышты әңгімелер айтпаңыз. Қорқыныш баланы үрейлендіріп, әрекет етуге шектейді. Бұл әңгімелер оған қауіптің алдын қалай алу керек екенін немесе қиын жағдайда не істеу керек екенін үйрете ме? Әрине, жоқ.
2. Балаға әлем әрқилы екенін айтыңыз
Әлемде зұлымдық та, мейірімділік те бар екенін айтыңыз. Кейбір адамдар екіжүзді болатынын да түсіндіріңіз. Кәмпит беріп, мейірімді көрінетін аға шын мәнінде зұлым болып шығуы мүмкін. Ал асханада үстіңе компот төгіп алған бала – өмірлік досыңа айналуы мүмкін.
3. Ережелерді жаттауды барынша қызықты етіңіз
Көп жағдайда балалар не істеуге болмайтынын біледі, бірақ оны қалай істемеу керегін біле бермейді. Қауіпті жағдайға қалған бала абдырап қалмас үшін нақты ережелерді білуі керек.
Мектеп жасына дейінгі балаларға ойын түрінде үйретсе тез қағып алады. Мысалы, өрт сөндіруші, полицей және т.б. болып ойнау. Одан үлкенірек балаларға «Қауіпсіздік сабақтары» қызық болады. Онда арнайы плакаттарды оқып қана қоймай, видеоға түсірілген кейстерді де шешуге болады. Жалпы кез келген жастағы балалар қауіпсіздік шаралары мен ережелері жайлы мультфильмдерді көргенді ұнатады.
4. Нақты жағдайларды талдаңыз
Егер өрт болса
Не жағдай болмасын, шығатын жер табу. Кез келген ғимаратқа кіргенде баланың назарын эвакуация жоспары қайда ілініп тұрғанына аудартыңыз, карта бойынша жөн табуды үйретіңіз. Суға малынған мата (орамал, жең, бет орамал) түтінге уланып қалмай, демалуға мүмкіндік береді. Түтіндеу кезінде жүресінен отырып жүру немесе еденде жорғалап жүру керек, себебі төмен жақта түтін азырақ. Өрт кезінде киім-заттарды тастап, тек баспалдақпен түсу қажет.
Бәрінен өмір қымбат!

4. Нақты жағдайларды талдаңыз
Бәрінен өмір қымбат!
Баланы бөгде адам алып кетпекші. Ал балаларға бәрі қызық. Балаңыз бір жаққа бармас бұрын міндетті түрде сізге ескертуі керек екенін үйретіңіз. Өзіңіз де мұқият болыңыз. Баланың қауіпсіздігіне сіз жауап бересіз. Жетіден асқан балаларға кілтсөз айтуды үйретіңіз, егер кездесу орны өзгерсе хабарласуды үйретіңіз.
Абайлаңыз – иттер!
Жабайы иттердің адамға тап беруі жиі кездеседі. Қауіптің алдын алу үшін балаңызға қараңғы жерлерді, тастанды үйлерді айналып жүруге үйретіңіз. Егер оны иттер қоршап алған болса, қатып тұрып қалу маңызды екенін айтыңыз. Арпылдап тұрған ит өз шекарасында бөгде адамдарды көргеніне ызалы екенін айтады. Одан қашып кетуге болмайды. Барлық іс-әрекеттер байсалды және баяу болуы керек. Ит қауып алса ересектерге айту қажет.
5. Балаңызға көмек сұрауды үйретіңіз
Мектепте, қосымша сабақтарда, метрода, көшеде кімнен көмек сұрау керек екенін алдын ала айтып қойыңыз. Балаңызға ең алдымен формадағы қызметкерлерді – полицейлерді, өрт сөндірушілерді, дәрігерлерді, дүкен мен аэропорт қызметкерлерін іздеу керегін айтыңыз.
6. Үйіңіздің кіреберісіне байланыс телефондарын іліп қойыңыз
Анасының, әкесінің, көршілердің, басқа да туған-туыстардың, жедел қызмет телефондарын жазып қойыңыз. Бала нөмірлерді жатқа білсе тіпті жақсы. Балаңыздың ұялы телефоны әрдайым қуаттаулы болғанын қадағалаңыз.
7. Оның дайындығын тексеріңіз
Қандай да бір келеңсіз жағдайда жедел қызмет операторына ол өзінің аты-жөнін, тұрғылықты мекен-жайын (қай жерде тұрса, сол жердің мекен жайын) болған жағдайды түсіндіре алуы тиіс.
8. Баланың физикалық мүмкіндіктерін нығайтыңыз
Жақсы физикалық дайындық — тез жүгіру, өрмелей алуы, секіре алуы және т.б шын мәнінде өмірін сақтап қала алады. Себебі кейбір жағдайларда жүгіру маңызды (мысалы,егер біреу ұрса немесе өрт басталса)
9. Өзіңізден бастаңыз
Әдеттен тыс жағдайларда миыңды іске қосып, әрекет етуге, көмек сұрауға және қабылдауға дайын екеніңізді көрсетіңіз.Ата-ананың міндеті — баланы әлемнен қорғау емес, әлемде өмір сүруге үйрету. Өзіңізді және балаларыңызды қорғаңыз!
#өмірқауіпсіздігі #өмірқауіпсіздігінсақтаймыз #қауіпсіздікережесі #28мектеп 

Похожие публикации:

04 апрель 2022 мектеп
28 март 2022 мектеп
02 июнь 2021 іс шаралар
Мекен жайымыз
080407, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ, ҚОРДАЙ АУДАНЫ, ҚАҚПАТАС АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ, БЕРІКТАС АУЫЛЫ, САҚАЛОВА ТҰРАР КӨШЕСІ, 5 ҒИМ.

©2016-2024, «ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ҚОРДАЙ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №28 ШОҚАН УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru