Мектеп » СШ №28 им.Уалиханова
Жамбыл облысы білім басқармасының
Қордай ауданы білім бөлімінің
"Шоқан Уәлиханов атындағы №28 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(778) 678-49-58
Есепші бөлімі:
+7(778) 678-49-58
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
ноябрь
2021

Мектеп

Қараша айының 27 жұлдызында мектебімізде "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Жомарт түлек 2021" атты мектеп түлектерімен кездесу өтті. 
    Іс-шараға қонақ ретінде мектебімізден шыққан түлектер, ауыл азаматтары, жеке кәсіпкерлер шақырылды. 
1. Қақпатас ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы - Рахимбаева Нурила Тулкебаевна
2. " Қақпатас-Қордай" ЖШС жұмысшы - Курманалиев Киясбек Жулдызбекович
3. ИП "Намазбаев" жеке кәсіпкер - Намазбаев Даулетхан Кушербаевич
4. "Демеуов" жеке кәсіпкер - Демеуов Жанбырбай Абитаевич
5. Жеке кәсіпкер - Балкибеков Даулетхан Балмаханбетович
6. Үй шаруасында - Болтаева  Катя Кобиевна
     Кездесуде сөз алған : Даулетхан Кушербаевич " Өз елінің пaтриоты болу деген-өзіңнің кішкентaй Отaныңды сүюден бaсталады. Біз әрбір жaсaғaн іс-әрекетімізбен жaс ұрпaққa үлгі болуымыз керек. Бұл өз кезегінде болaшaқ өрендерге үлкен тәрбие болары сөзсіз" деп бүгінгі ұйымдaстырылғaн шaрaның мaңыздылығын айтып өтті.                  
     Өз сөзінде Даулетхан Балмаханбетович пен Жанбырбай Абитаевич
 бірлігі бекем қазақ елінің Тәуелсіздік алған 30 жыл ішіндегі жетістіктерімізге және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жақында жариялаған «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидасының негізгі бағыттарына тоқталды. «Білім мен еңбек – бақуатты өмірдің кілті» атты бөлімін түсіндіріп, жаһандану заманында жастар білім іздеп жалықпау керектігін, талантты да дарынды жастар биік белестерді бағындыратынын айта келіп, ел үмітін ақтайтын жастар патриот, қабілетті болу үшін ерінбей ізденіс үстінде жүру керектігін тілге тиек етті.
    Басқосудa жоғaры сынып оқушылaры осыдaн бірнеше жыл бұрын атaлмыш мектепті бітіріп, лауазымды қызметтерді атқарып келе жатқан қонақтардың өмірлік жолы мен қызметтегі ұстанымдарына назар аударып, сырлы әңгімелерін тыңдады.
    Сондай-ақ ой-пікірімен бөліскен Нурила Тулкебаевна еліміз заманауи талаптарға сай дамып келе жатқанын, жастарға жан-жақты білім алуға мүмкіндіктер көп екенін айтып, мамандық таңдаудың қыр-сырына ерік берді.
Еркін форматта өткен кездесуде оқушылар өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, аға-әпкелерінен үлгі алатындарын жеткізді.
       Аталмыш іс-шараға мектебіміздің түлектері қаржылай демеушілік көрсетті. 
      Іс-шaрa оқушылар тaрапынaн ұйымдaстырылғaн концертке ұлaсып, мектеп aтынан түлектерімізе алғыс айтып, кітаптар сыйға тарттық!
   Кездесуді қорытындылаған Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.М.Шералиева жастарға рухани азық сыйлаған қонақтарға алғыс білдірді.

Похожие публикации:

26 ноябрь 2021 мектеп
15 ноябрь 2021 Мектеп
26 октябрь 2021 мектеп
26 октябрь 2021 мектеп
03 август 2020 Баяндама
Мекен жайымыз
080407, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ, ҚОРДАЙ АУДАНЫ, ҚАҚПАТАС АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ, БЕРІКТАС АУЫЛЫ, САҚАЛОВА ТҰРАР КӨШЕСІ, 5 ҒИМ.

©2016-2024, «ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ҚОРДАЙ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №28 ШОҚАН УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru