мектеп
«Мамандығым-мақтанышым» атты еңбек ардагерлерінің
қатысуымен дөңгелек үстел туралы
АНЫҚТАМА
Мамандық таңдау – бұл өте маңызды іс. Өйткені өзіміз таңдаған мамандық саласында өмір бойы қызмет атқарамыз. Мамандықтың саны әр түрлі. Мектеп бітіруші түлектерімізге болашаққа жол сілтеп бағыт-бағдар беру мақсатында мектебіміздің еңбек ардагер ұстаздарымен онлайн кездесу өткіздік.
Мақсаты: жасөспірімдерге болашақта мамандық таңдаудан қателеспеуге, мамандық таңдауына көмектесу, үлкен өмірге қадам басқалы отырған түлектерге түрлі мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру
Дөңгелек үстелге мектебіміздің 9-10 сынып оқушылары мен ардагер ұстаздарымыз зейнетке шыққан Жарманов Есберген ағай мен Жақыпова Тұрсынкуль тәтей,мектеп психологы,тәлімгер және кітапханашы қатысты. Кездесу барысында ардагер ұстаздарымыз мамандық таңдаудың тұлға болып қалыптасудағы маңыздылығын атап өтіп, оқушыларға мамандықта таңдауда қателеспеуін және болашақта нағыз кәсіби маман болуларын тіледі. Жиын барысында 10 сынып оқушысы Абдымомын Аружан «Мамандығым-мақтанышым» атты тақырыпта баяндамасын оқыды. 9-10 сынып оқушылары ардагер ұстаздарымызға көптеген сұрақтарын қойып, ұстаз болудың қыр-сырын түсінді. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін ұстаздармен болашақ маман иелерімен кездестіріп ой бөлісу, пікір алмасудың біз үшін маңызы өте зор. Қонақтарымызға сөз беріліп, Жарманов Есберген ағай мен Тұрсынкуль тәтей өз мамандығының маңызы мен пайдасын айтып, өз тәжірибесімен бөлісті. Оқушылармен мамандықтар туралы жасырылып оны тауып ойындар ұйымдастырылды.
Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез-келгеніне икемділік қажет. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Мамандық таңдау-жүрек қалауы.