11
февраль
2022
мектеп
11 ақпан күні мектебімізде Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына байланысты "Ауған ақиқаты" тақырыбында мектеп оқушыларының ауған соғысы ардагерлерімен кездесуі өткізілді.
Мақсаты: Ауған соғысы жолында күрескен аға - апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, Отанын сүюге тәрбиелеу.
Мектебімізде қонақта болған ауған ардагерлері Кайыпов Алдонгар Иллалович, Карибай Шашенов ағаларымыз тағылымды ойлары мен қанды соғыстың қилы сәттері жайлы жас жеткіншектерге айтып берді.
Оқушылар арнау оқып, би билеп, бейнеролик көрсетіліп, батырлар рухына үнсіздік арналды. Шара соңында қонақтарға арнайы сыйлықтар табысталып, естелік суретке түсірілді.
Концерттік іс-шараның соңы спорттық жарыстарға ұласты.