Іш шаралар » СШ №28 им.Уалиханова
Жамбыл облысы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"№28 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
июнь
2019

Іш шаралар

«СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ!»
(салтанатты жиын)

Бәрі – сын, араласаң өмір аулын,
Бәрі – шын қоштасарда қоңырау мұң.
Мәнісін ұғасыңдар өткен күннің,
Дауысын сағынғанда қоңыраудың.
(К Ахметова)
Мақсаты: Түлектердің жадында заман талабына сай көзқарас қалыптастыра отырып білімге деген құштарлығын арттыру және көкбайрағы желбіреген егемен еліміздің ертеңі мен келешегін ойлайтын, өркениетін өрістететін тұлға етіп тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: қанатты сөздер, суретті плакаттар, гүлдер, жалаушалар, ту, техникалық құралдар т.б.
1. Ұйымдастыру: Салтанатты мұзыка ырғағымен мектеп оқушылары өткізілетін алаңға басқа да шақырылған қонақтар, ұстаздар белгіленген орынға отырғызылады.

Жүргізуші: Армысыздар қадірлі қонақтар, ата–аналар, ұстаздар және мектеп оқушылары! 2018-2019 оқу жылының аяқталуына байланысты «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Өзіңменен өлшеусіз нарқым менің,
Асқар тау, арқа тұтар алтын белім.
Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа,
Қош келдің, айналайын, халқым менің!
Өлшеулі ар-намыс пен нарқымыздың,
Қорғаны адамдық пен салтымыздың.
Армысыздар аяулы ұстаздарым,
Сенері сіздерсіздер халқымыздың.
Өмір берер ертеңгі бағаларын,
Ұядан ұшпақ бүгін балаларың.
Халқыма ұрпақ берген, өмір берген,
Қош келдің әкелер мен аналарым.
Міне, бүгін қызығы мен қиыншылығы мол, әр оқу жылы қайталанбас тарихқа толы мектептің мерекесі, оқушылардың сыныптан-сыныпқа көшіп, асыға күткен жазғы демалысқа шығарып салатын – соңғы қоңырау салтанаты! Бүгінгі күн әр бір ұстаздар мен оқушылар үшін қуанышты, әрі көңіл толқытар сәт. Осыдан 11 жыл бұрын мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндеріміз бүгін таудай болып, жайқалған жасыл баудай болып мектеп қабырғасынан аттағалы тұр.
Жас жүректің өмірлік құштары –гүл,
Бағбан - ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр, - деп мектеп бітіруші түлектерді құрметпен ортаға шақырамыз. Қошеметтеп қарсы алыңыздар!
(Ортаға түлектер шығады. Сап түзеп тұрады.)

Ән ұраным көгімде шарықтасын,
Көгілдір ту қияда қалықтасын.
Әлем танып, білетін Елтаңбамды,
Шәкірт біткен жырлаудан жалықпасын.
1. Мектеп ҚРМ Туы көтеріледі
2. ҚРМ Гимні
/Салтанатты жиынға келген қонақтарды таныстыру/
1. ______________________________________________________________________________________________________________________________________________
2. Қақпатас ауылдық округінің әкімі - Естаев Серік Мадыбайұлы
3. Беріктас ауылдық ақсақалдар ұйымының төрағасы Ташметов Меделбай Кеншімбайұл___

Қымбатты оқушылар! Сіздер алғашқы қоңырау үнін мектеп табалдырығын аттағанда естідің. Ол сені әрбір білім сабағына шақырды. Асыр салып ойнайтын, құрбы-досыңмен сырласатын үзіліскеде үн қосты. Жыл сайын жарқын жазда тынығу үшін шығарып салып, қоңыр күзде білім күні сыңғырлап қайта қауыштырады.
Осындай қимас шақта өздеріңе арналған алғашқы сөзді мектебіміздің директоры Байсалов Ерлан Рахметоллин ағайға береміз.
Келесі құтықтау сөз кезегін аулымыздың әкімі сыйлы қонағымыз Естаев Серік Мадыбайұлына және Беріктас ауылдық ақсақалдар ұйымының төрағасы Ташметов Меделбай Кеншімбайұлына береміз.
Тарқамасын қызықтың шағы қызған,
Жата берсін бақ артып бағыңыздан,
Құрметпен ұсындық сізге сөзді,
Ақтарылып көріңіз ағыңыздан.

Қуанышты жүректер ән салады,
Мектебім – алтын ұям ой салады.
Бүгінгі қуанышты мерекеде,
Әуелеген әсем ән жолданады,-деп назарларыңызға 11-сынып оқушысы Жарманова Мақпалдың орындауында “Түлектер сағынышы” әнін ұсынамыз».

Бүгін мектебіміздің оқушылары биылғы оқу жылын аяқтап, олардың көпшілігі үздік оқуымен, үлгілі тәртібімен, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысумен басқа құрбыларына үлгі бола білді. Мектеп өміріне қосқан осындай үлестері үшін мақтау қағазымен марапатталады. Оқушыларды марапаттау үшіні сөз мектеп директоры Е.Р. Байсалов пен ДОІЖО Ү.В. Нурмахамбетоваға беріледі.

Әлі есімде әліппені ашқаным,
Есіміңді есте мәнгі сақтадым.
Жүрегіме нұрын құйған жылылық,
Көрген емес ешқашанда суынып деп, - деп ендігі құттықтау сөз кезегін осыдан 11 жыл бұрын алғаш мектепке келгенде қарсы алып, білім хандығына сапарға аттандырған 11-сынып оқушыларының алғашқы ұзтазы Батырова Алма Хапашқызына береміз.

Бірге өткізген күндерін қыс-жазында,
Жазып шықты қаншама іс қазына.
Балапанын ұшырған ұясынан,
Сөз берейік жетекші ұстазына,- деп ортаға негізгі мектеп курсын бітіруші түлектердің сынып жетекшісі Жақыпова Тұрсынкүл Нұртайқызына шақырамыз.

Мұраның байыбына барып терең,
Мұғалім бастап еді “әліппеден”.
Ұраның тұмарың боп көкірегіңде,
Шынайы ұғым тұрсын халық деген.
Жаны асыл ұстаздарды еске алыңдар,
Жаңа сыр ашатұғын дос табыңдар
Шәкірті жаман екен дегізбеңдер,
Санасы биік адал дос табыңдар.
деп жүректері лүпіл қаққан, қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы, өмір жолының алғашқы қадамында тұрған, 11-сынып оқушылары сөзді өздеріңе береміз.

Қыз өсірді, анамыз ару етіп,
Нәзіктікті ұстатты қару етіп.
Қызымызды даланың гүлі десек,
Өнегемен суғарды жауын етіп.
Ұл өсірді, әкеміз ұлағатты,
Естіді ме ұлынан жаманатты.
Ата-баба ауылдың үлгісін ап,
Болып өсті бәрі де инабатты.
деп келесі құттықтау сөз кезегін ата-аналарға береміз._________________________
_________________________________________________________________________
________________________________________________________________________

Бәрі – сын, араласаң өмір аулын,
Бәрі – шын қоштасарда қоңырау мұң.
Мәнісін ұғасыңдар өткен күннің,
Дауысын сағынғанда қоңыраудың.
Келешек өмір қандай болса да, қуанышы мен реніші қатар келсе де, еліміздің қай түкпірінде болсаң да, сіздер міндетті түрде алтын ұяң – мектебіңді аяулы ұстаздарыңды осы салтанатты толғандырар сәттерді естен шығарма.
Кезекті соңғы қоңырау соғу рәсіміне береміз. Биылғы оқу жылының соңғы қоңырауын соғу рәсімі 11-сынып оқушысы Сабыр Камшат пен 1-сыныпты үздік бітірген Адрасул Айару мен Болат Алинаға
тапсырылады. Биылғы оқу жылының ең соңғы қоңыраудың соғылу сәті.
Сыңғырла соңғы қоңырау!
Осымен бүгінгі «Сыңғырла соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиынымызды аяқтаймыз.
Қош сау болыңыздар,


Похожие публикации:

13 июнь 2019 Анықтама
24 февраль 2019 Жаңалық
04 апрель 2018 Мектеп тарихы